ҚР ақпарат министрінің орынбасары "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңның жобасын мәжіліс комитетіне таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ақпарат министрінің орынбасары "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңның жобасын мәжіліс комитетіне таныстырды

ҚР ақпарат министрінің орынбасары "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңның жобасын мәжіліс комитетіне таныстырды

Бүгін, 23-қыркүйекте ҚР ақпарат министрінің орынбасары Ардақ Досжан "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңның жобасын мәжілістің заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетіне таныстырды,- деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметінен.

  • 23 Қыркүйек 2003
  • 368
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын таныстарған А.Досжан бұл жоба бұқаралық ақпарат құралдарының іс-қызметіне қатысты заңдық базаны одан әрі нығайту қажеттігіне сәйкес жасалғанын атап көрсетті. Оның айтуынша, заң жобасы азаматтардың сөз бостандығы және ақпарат алу жөніндегі Конституциялық құқығын қамтамасыз етуді , сондай-ақ, жеке адамдар, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін құқықтық реттеуді көздейді.

Вице-министр БАҚ іс-қызметіндегі шектеулер, ақпараттарды электрондық БАҚ-тарда қолайлы уақыттарда тарату тілі, сот талқылауларына қатысты депутаттар сауалына түсініктеме берді.
Заң жобасының үкіметтік нұсқасын қарауға қабылдаған мәжіліс комитеті осы және өзге де өзекті мәселелерді жұмыс тобындағы талқылау барысында жоба авторымен бірлесіп толықтыру туралы шешім қабылдады.