газеттің бас редакторы Рамазан Есіргепов хабарлады.
Оның айтуынша, «газетке заңсыз таратылды» деген айып тағылып отыр. «Газетімізде қазақ тіліндегі екі қосымша бет шыққаннан кейін біз тіркеуден қайтадан өтуге тиіс едік. Осы жөніндегі өтінішті біз бірнеше мәрте жолдадық. 31-мамырда ақпарат министрлігіне үшінші өтініш жібердік. Сөйтіп, 28-маусымда ғана тіркеу номерін алдық»,- деді Р.Есіргепов. «Ақпарат министрлігі газетті мемлекеттік тілдегі екі бетті қосымша шығарғанымыз үшін жазаға тартқалы отыр»,- деді Р.Есіргепов.
Оның айтуынша, «бұл сайлау науқаны қарсаңында газетімізге жасалған алғашқы ескерту болмақ», соңынан ол «айыппұлға, қыза келе тіпті газетті шығаруға жарты жылға тыйым салуға апарып соғуы ықтимал».
Сотқа келген ақпарат министрлігінің өкілі KZ-today тілшісінің қалыптасқан ахуалға түсініктеме беру туралы өтінішін қабыл алмады.
Бүгінге белгіленген бірінші сот отырысы ақпарат министрлігі өкілінің қызмет куәлігінің мерзімі бітіп кетуіне байланысты 5-шілдеге қалдырылды.