ҚР Ақтөбе қаласы және ҚХР Қарамай қаласы арасындағы достық қарым-қатынастың орнағандығы туралы келісімге қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ақтөбе қаласы және ҚХР Қарамай қаласы арасындағы достық қарым-қатынастың орнағандығы туралы келісімге қол қойылды

ҚР Ақтөбе қаласы және ҚХР Қарамай қаласы арасындағы достық қарым-қатынастың орнағандығы туралы келісімге қол қойылды

«Мега Ақтөбе» сауда-ойын сауық кешенінде Ақтөбе (Қазақстан Республикасы) және Қарамай (ҚХР, Шыңшаң-Ұйғыр Автономиялық өлкесі ) қалалары арасындағы достық қарым-қатынастың орнағандығы туралы келісімге қол қойылды.

  • 28 Маусым 2011
  • 435
Фото - Caravan.kz

Құжатқа қала әкімі Архимед Мұхамбетов пен Қарамай қаласы мэрінің орынбасары Чжао Ушен қол қойды.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар экономика, мәдениет пен спорт, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық қарым-қатынасты дамытуды жүзеге асыруға, осы салалардағы мамандар арасындағы тәжірибе алмасу мен біліктілігін арттыруға көмектесуге міндеттелді.

Келісім ұдайы қарым-қатынасты қолдауды да көздейді. Сондықтан Қытай тарапы Ақтөбе делегациясын кез келген ыңғайлы уақытта Қарамай қаласына келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар