Оның айтуынша, бұл ақпаратты еліміздің арнаулы қызметтері өзбек әріптестерімен бірлесе тексеріп жатыр.
Журналистерге берген сұхбатында В.Божконың атап көрсетуінше, «бұл жерде әңгіме Қазақстан аумағы арқылы асырылған 3-4 адам туралы болып отыр». «Қазір біз осы дерек бойынша бірнеше қылмыстық с қозғап, соның шеңберінде ақпаратты тексеріп жатырмыз. Тергеу аяқталғаннан кейін егжей-тегжейлі ақпарат жария етіледі»,- деді ол.
«ҚР ҰҚК лаңкестік іс-шараларға немесе шабуылдарға қатысып, қазір Қазақстанда емделіп немесе жасырынып жатыр-мыс делінген адамдар туралы ақпаратты жан-жақты тектеп-тексеріп жатыр»,- деді В.Божко. Бұл мәселелерді біз ТМД елдерінің арнаулы қызметтерімен ықпалдастық негізінде тексерудеміз, деді ол. «Біз келіп түскен әрбір ірілі-ұсақты дабылды үлкен белсенділікпен тексеріп, жоғары маңыз береміз»,- деді ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары.