ҚР әскерилерін әлеуметтік қорғауды күшейтетін заң қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР әскерилерін әлеуметтік қорғауды күшейтетін заң қабылданды

ҚР әскерилерін әлеуметтік қорғауды күшейтетін заң қабылданды

Бүгін, 25-маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бұған дейін мәжілісте мақұлданған "Әскери қызметкерлер мен олардың отбасын әлеуметтік қорғау және олардың мәртебесі туралы ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі " заң жобасына сенат тарапынан енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 25 Маусым 2003
  • 704
Фото - Caravan.kz

«Заң бойынша әскерилер мен олардың отбасын әлеуметтік қорғауға жұмсалатын қаржы көлемі шамамен 345 млн. теңгеге ұлғайтылды»,- деп хабарлады мәжіліс депутаты Владислав Косарев. Оның айтуынша, әскери борышын шұғыл өтеуге шақырылған әскери қызметкерлер мен курсанттардың демалысқа шыққандағы азық-түлік қоржынының ақшалай өтемі мен қоныс аударатын әскерилердің жолға жұмсайтын қаржысының көлемі арттырылды.

Регламентке сәйкес заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.