Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауылшаруашылығы министрі Қостанай облысындағы көктемгі тұқым себу науқанының барысымен көзбе-көз таныспақшы. Биыл аймақ дихандары мол түсімнен үмітті. Қазір науқанның қызып тұрған шағы. Күн сайын бұл өңірде 200 мыңдай гектар алқапқа тұқым себілуде. Ауылшаруашылығы департаменті мамандарының пайымдауынша, мұндай қарқынмен аймақтағы тұқым себу науқаны 1-маусымда аяқталады.
Ауылшаруашылығы министрі облысқа келе сала әкім Сергеу Кулагинмен бірге Қарасу ауданындағы егіс алқаптарына жүріп кетті. Сонымен бірге А.Есімов Қарасу ауылында бой көтерген жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысады. Түстен кейін А.Есімов Әулиекөл ауданын аралайды.