ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі 2009 шы жылдың 1- ші қаңтарынан бастап "Қаныш Сәтбаев атындағы канал" беретін судың бағасын көтеруді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі 2009 шы жылдың 1- ші қаңтарынан бастап "Қаныш Сәтбаев атындағы канал" беретін судың бағасын көтеруді ұсынады

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі 2009 шы жылдың 1- ші қаңтарынан бастап "Қаныш Сәтбаев атындағы канал" беретін судың бағасын көтеруді ұсынады

Астана. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі 2009 шы жылдың 1- ші қаңтарынан бастап "Қаныш Сәтбаев атындағы канал" беретін судың бағасын көтеруді ұсынады. Бұл туралы "Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың" төңірегіндегі мәселелерге байланысты өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев бүгін мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қараша 2008
  • 644
Фото - Caravan.kz

«Бұдан әрі каналды шығынға батырмас үшін, 2009 шы жылдың 1- ші қаңтарынан бастап тұрғындарға берілетін 1текше метр судың бағасы 12,56 теңгеге, ал өндірістік кәсіпорындардағы осынша мөлшердегі су жіберу ақысын 15,84 теңгеге дейін көтеру қажет»,- деді ол.

Каналдағы су тарифі 2002 — ші жылдан бері өзгермеген, есесіне осы уақыт аралығында электр энергиясының құны 1,3 тен 3,0 теңгеге дейін үш есе қымбаттады. Содан бері аталған кәсіпорындағы шығындардың 55 пайызын электр энергиясы құрайды. Электр қуатына қатысты шығын жылдан жылға ұлғайып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар