«Биылғы жылдың басында мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында біздің алдымызға Астананың айналасында азық-түлік белдеуін құру мақсатын қойғанын баршаңыз білесіз», -деді А. Күрішбаев.
«Осы міндетті жүзеге асыру мақсатымен ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің даму институттары Астананың азық-түлік белдеуіне кіретін Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері келтірген 139 бизнес-жобаны қарады, соның ішінде бүгінгі жағдаймен 2,7 млрд теңгенің 47 жобасы қаржыландырылды», — деді ол.
«Бұл бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде Астананың айналасындағы 300 шақырымдық аймақта өндірілген азық-түлік өнімдерінің үлес салмағы бүгінгі 29% орнына 58% кем түспейді деп күтілуде», — деді министр.
Оның айтуынша, «жуырда үкіметтің тапсырмасымен осындай жұмыстар Алматы маңында да басталды». «Одан әрі Астана мен Алматының тәжірибесіне сүйеніп, осындай азық-түлік белдеулерін барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда да құру көзделуде», — деді А. Күрішбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті