ҚР ауылшаруашылығы министрлігі елімізде ағаш кесуге мораторий енгізу мүмкіндігін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ауылшаруашылығы министрлігі елімізде ағаш кесуге мораторий енгізу мүмкіндігін қарастыруда

ҚР ауылшаруашылығы министрлігі елімізде ағаш кесуге мораторий енгізу мүмкіндігін қарастыруда

ҚР ауылшаруашылығы министрлігі елімізде ағаш кесуге мораторий енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы бүгін, 13-ақпанда ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитеті төрағасының бірінші орынбасары Игорь Коваль Алматыда өткен I Орталық Азия аймақтық орман өнеркәсібі форумында хабарлады.

  • 13 Ақпан 2004
  • 758
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, 2003-жылы мемлекеттік орман шаруашылығы кәсіпорнының Қазақстан ормандарына жүргізген ревизиясына сәйкес, 1-маусымдағы жағдаймен еліміздегі орманды алқаптар аумағы 26,216 млн. гектарды иемденеді. Республикамыздың орман-тоғай қоры 4,6 процентті құрайды. Елімізде орман қалыптасуына негіз болып отырған маңызды ағаш түрлеріне сексеуіл (орманның 50 проценті), шырша, қайың және самырсын (майқарағай) жатады. Орманды алқаптардың 26 процентін бұта-жыңғылдар иемденеді. Демек, еліміздегі діңі биік тауарлық орман қоры еліміз аумағындағы барлық ағаш түрлерінің 24 процентін ғана құрайды. Ал жалпы орман қорының 24 проценті төтенше қорғаудағы табиғи аумақтар аясында.

Қазіргі жағдаймен ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы комитеті Шығыс Қазақстандағы қарағайлы ормандар мен Алматы облысындағы шыршалы ормандарда ағаш кесуге тыйым салды. Нәтижесінде, ағаш дайындаушылар шын мәнінде Шығыс Қазақтан облысындағы самырсынды ормандар мен еліміздің солтүстік облыстарындағы жапырақты ормандарда ғана ағаш кесе алады. Дегенмен, И.Ковальдың айтуынша, Шығыс Қазақтан облысындағы самырсынды ормандар адам аяғы жетпейтін тау-жоталарда өсетіндіктен осынау көп жылғы ағаштарды пайдалану мүмкін емес. Сондай-ақ, су айрығында орналасатын олар Ертіске құятын өзендер үшін су қорғау міндетін атқарады.

Соңғы жаңалықтар