ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ішкі нарықта күзде астық бағасы өседі деп болжайды

"Биыл бізде Ресеймен салыстырғанда жоғары сапалы бидай өндіріледі. Ағымдағы жылы астықтың 70% астам бөлігі үшінші кластан жоғары болмақ", - деді А. Күрішбаев. Оның айтуынша, "көршілес Орталық Азия республикалары мен Иран тарапынан Қазақстан астығына деген сұраныс өсе түсуде. Сол себепті ішкі нарықта күзде баға өседі деп ойлаймыз",- деді министр.