ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі отандық өнім өңдеушілерді ғана шикізатпен қамтамасыз ететін ет және сүт өндірушілерге ғана субсидия бөлмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі отандық өнім өңдеушілерді ғана шикізатпен қамтамасыз ететін ет және сүт өндірушілерге ғана субсидия бөлмекші

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі отандық өнім өңдеушілерді ғана шикізатпен қамтамасыз ететін ет және сүт өндірушілерге ғана субсидия бөлмекші

Астана. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі отандық өңдеуші кәсіпорындарды ғана шикізатпен қамтамасыз ету үшін өз өнімдерін сататын ет және сүт өндірушілерге ғана субсидия бөлу арқылы оны жалпы бөлу механизмін өзгертпекші. Бұл туралы бүгін алқа мәжілісінде ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Қараша 2008
  • 563
Фото - Caravan.kz

«Біз субсидия бөлу ережелерін өзгерту жайын талқылаймыз: ет және сүт өндірісін, егер олар өз өнімдерін отандық өңдеуші кәсіпорындарға ғана сатқан жағдайда ғана, субсидиямен қамтамасыз ету ұсынылып отыр», — деді А. Күрішбаев.

«Біз жағдайды басқа жаққа бұрып, өңдеуші кәсіпорынмен тиісті шарт жасасқан жағдайда ғана субсидия аласың дейміз. Сөйтіп біз мемлекеттік қолдауды елімізде бар өнім өңдеуші кәсіпорындардың толыққанды жұмыс істеу пролемасын шешуге бағыттайтын боламыз», -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар