«Қазір ересек құс үшін төленетін өтемақы мөлшері 0,5 еселенген айлық есептік көрсеткішті, ал құс балапаны үшін төленетін өтемақы мөлшері 0,12 еселенген айлық есептік көрсеткішті (119 теңге) құрайды. Инфляцияны ескеру негізінде біз ересек құс үшін төленетін өтемақы мөлшерін 1,5 еселенген айлық есептік көрсеткішке жеткізу туралы ұсыныс енгіздік»,- деді А.Қожамұратов. (Қазақстанда ең төменгі айлық есептік көрсеткіш 992 теңгег тең екені белгілі). «Қазір өтемақыны көбейтуге бағытталған құжаттар рәсімделуде»,- деді ол.
Бас мал дәрігері ҚР ауылшаруашылығы министрлігі тарапынан құс тұмауын таратпауға қажетті шаралар толыққанды алынуда деп мәлімдеді. «Атап айтсақ, тәуекел жоғары аймақтарда үй құстарын тысқары шығару мен құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрін тасымалдауға, тірі құстар, инкубациялық сатыдағы жұмыртқа мен балапандар саудасына тыйым салынды». Бас мал дәрігерінің айтуынша, «тәуекел жоғары аймақтарға құс тұмауы тіркелген барлық облыстар жатады». Осы орайда ол «дүкендер мен базарлардан құс еті мен жұмыртқа сатып алуға болады, өйткені, ондай жерлерде өнім мал дәрігерлік тексеруден өтеді», деп атап өтті.