ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті еліміздің балық өнеркәсіпшілерін қолдауға және саладағы "көлеңкелі бизнес өкілдерін" ығыстыруға бағыттаған шаралар кешенін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті еліміздің балық өнеркәсіпшілерін қолдауға және саладағы "көлеңкелі бизнес өкілдерін" ығыстыруға бағыттаған шаралар кешенін қарастыруда

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті еліміздің балық өнеркәсіпшілерін қолдауға және саладағы "көлеңкелі бизнес өкілдерін" ығыстыруға бағыттаған шаралар кешенін қарастыруда

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті еліміздің балық өнеркәсібі кешені кәсіпорындарын қолдауға және саладан ресми тіркелмеген алыпсатар кәсіпорындарды ығыстыруға бағыттаған шаралар кешенінің жобасын жасауда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Мұрат Мұсатаев бүгін, 18-маусымда хабарлады.

  • 18 Маусым 2004
  • 1025
Фото - Caravan.kz

Алдын-ала болжам бойынша, саладағы басты жаңалықтардың бірі — көлдер мен балық аулау кәсіпшілігі учаскелерін 10-40 жылға дейін ұзақ мерзімді жалға беру туралы ұсыныс болмақ. Сондай-ақ, балық аулауға лицензия алмаған кәсіпорындарға балық және балық өнімдерін тасымалдау және сатуға тыйым салу, судағы биоресурстарды алып пайдаланғаны үшін төленетін алым мөлшерін орта есеппен 5 есе арттыру ұсынылып отыр.

М.Мұсатаевтың айтуынша, бұл шаралар бірінші кезекте балық өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының арасында жеке меншік институтты дамытуға бағытталады. Олар учаске қожайындарын тек балық аулаумен ғана шұғылданбай, сонымен бірге өздеріне қарасты учаскелердің жағдайын жақсарту, мәселен, мелиорациялық шаралар, су қоймалын қорыс-тұнба басып кетумен күрес, ну өсімдіктерден арылту, судың түбін тазарту, балық қорын байыту жұмыстарымен айналысуға да түрткі болуы тиіс. Ал учаскені 1 жылға жалға алатын қазіргі балықшылар «су қоймасының ахуалын жақсарту туралы емес, бүгінгі күннің қамын ғана ойлауда». «Ал біз олардың болашақты ойлауын, өз учаскелері мен көлдерінің дамуына қаржы жұмсап, ірі кәсіпорындарға бірігуін, сол арқылы әрбір учаске немесе көлде бір-бір кешенді кәсіпорынның жұмыс істеуіне жағдай жасауын қалаймыз»,- деді комитет төрағасы.
Балық қорын алып пайдалану құқығы үшін төленетін ставка мөлшерінің арттырылуы мемлекеттің биологиялық ресурстарды сақтап қалуға жұмсайтын қаражатының үлесін қысқарту мүддесінен туындап отыр. 2003-жылы мемлекет су нысандарындағы мелиоративтік және басқа да жұмыстарға 1,28 млрд. теңге жұмсап, балық ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ретінде небәрі 130 млн. теңге , немесе жұмсалған қаржының 10 процентін ғана кері қайтарып алды.
Төлем мөлшерін арттыру арқылы қайтарылатын қаржы көлемі 50 процентке дейін ұлғаяды.
Балық өнеркәсібі мамандарының пікірінше, кешен потенциалын арттыру үшін саланы көлеңкелі саладағы алыпсатарлардан арылту керек. Салық төлемейтін мұндай алыпсатарлар ресми балық өңдеушілерден артық баға ұсына алады. Бұл сала үшін орасан ауқымды шығын. Балық аулауға лицензия алмаған кәсіпорындарға балық және балық өнімдерін тасымалдау және сатуға тыйым салу, бірінші кезекте соларға қарсы бағытталған, деді М.Мұсатаев. Салада еңбек ететін ресми кәсіпорындар мен қоғамдық бірлестіктер балық шаруашылығы комитетінің ұсыныстарын бір дауыстан қолдап, өзара түсіністік және кәсіпорындар, бейресми ұйымдар мен балық шаруашылығы комитеті арасындағы ашық диалогты дамыту туралы меморандумға қол қойды.
Сол себепті, комитет басшысының пайымдауынша, таяу уақыттарда тегін ақшадан қағыла бастаған көлеңкелі бизнес тарапынан ҚР ауылшаруашылығы министрлігіне қарсы бағытталған қысым күшейеді деп күтуге болады.

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитетінің мәліметі бойынша, 2003-жылы республиканың су қоймаларынан 58 мың тонна балық аулауға лицензия берілген. Ресми мәліметтерге сәйкес, республикалық кәсіпорындар 38 мың тонна балық өңдеп игерді. Ал экспорттық статистикаға жүгінсек, көлеңкелі рынок 39 мың тонна балық игерді.