ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы комитеті "Қазақстан ормандары" атты бағдарлама жобасын жасап шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы комитеті  "Қазақстан ормандары" атты бағдарлама жобасын жасап шығарды

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы комитеті "Қазақстан ормандары" атты бағдарлама жобасын жасап шығарды

ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы комитеті "Қазақстан ормандары" атты 2004-2006-жылдарға арналған ұлттық бағдарлама жобасын жасап шығарды. Бұл туралы бүгін, 16-қаңтарда ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитеті төрағасының бірінші орынбасары Игорь Коваль KZ-today тілшісіне Алматыда хабарлады.

  • 16 Қаңтар 2004
  • 1161
Фото - Caravan.kz

Бағдарлама шартты екі бөлімге бөлінген. Бірінші бөлімі орманды өрттен қорғауға қажетті шараларды ұйымдастыруға, соның ішінде орманды ұшақпен күзетуді жолға қою, ормандағы өрт қауіпсіздігі үшін жауап беретін құрылымдарды құру, орман шаруашылықтарын өрт сөндіру құралдарымен және техникасымен қамтамасыз етуге арналған.

Бұл бағыттағы басты жұмыс мақсаты өрт салдарынан жойылып кеткен орманды алқаптар алаңын қысқару, атап айтсақ, бұл көрсеткішті 2003-жылғы 92 мың гектардан 1990-жылдардың басындағы 3-5 мың гектар деңгейіне жеткізуге саяды. Аталмыш талап орындалмаған жағдайда болашақта қолға алынатын орманды қалпына келтіру шараларының пайдасы соқыр тиынға тұрмайды.
Ал бағдарламаның екінші бөлімі негізгі ағаш тұқымдарының көшеттерін өсіру үшін орман питомниктерін орнатуға арналады. Ондай көшеттер болашақта жасанды орман алқаптарын егуде пайдаланылады. Қазақстан үшін негізші ағаш тұқымдарына сексеуіл, қайың, қарағай, шырша және самырсын саналады. Қазір елімізде жоғарыдағыдай екі питомник бар. Сарапшылардың пайымдауынша, болашақта осындай питомниктер санын 6-ға жеткізу қажет.
«Қазақстан ормандары» бағдарламасы ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитеті үшін негізгі жұмыс бағдарына жататындықтан комитеттің барлық ресурсы оны жүзеге асыруға жұмсалады дейді И.Коваль.
И.Ковальдің айтуынша, республикалық бюджеттен комитетті қаржыландыру көлемі 2004-жылы 3,2 млрд. теңгені, ал аумақтық бөлімшелерді қаржыландыру көлемі 1,7 млрд. теңгені құрайды. Комитеттің біріккен бюджеті шамамен 4,9 млрд. теңгеге жетеді.

Соңғы жаңалықтар