ҚР авторлық қауымдастығы 2 жылда құқық иелеріне Т896,5 млн-нан бар болғаны 58% гонорарын төлепті - kaz.caravan.kz
  • $ 533.61
  • 621.07
+34 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР авторлық қауымдастығы 2 жылда құқық иелеріне Т896,5 млн-нан бар болғаны 58% гонорарын төлепті

ҚР авторлық қауымдастығы 2 жылда құқық иелеріне Т896,5 млн-нан бар болғаны 58% гонорарын төлепті

Қазақстанның авторлық қауымдастығы құқық иелеріне Т896,5 млн-нан тек 58% гонорарын төлепті, деп ҚР бас прокуратурасының ресми өкілі Жандос Өмірәлиев мәлім етті.

  • 18 Тамыз 2011
  • 572
Фото - Caravan.kz

«Тексеру барысы көрсеткендей, соңғы 2 жылда авторлық қауымдастықтарға келіп түскен Т896,5 млн гонорардан авторларға тек Т521,5 млн немесе 58% төленіпті. Қалған Т375 млн қаражатты қоғам өз мұқтаждығына пайдаланған», — деді Ж. Өмірәлиев бейсенбі күнгі брифингте.

Оның айтуынша, құқық иелері мен авторлық қауымдастық арасындағы қол қойылған уағдаластық бойынша, соңғылары қорға түскен сыйақының 15-25%-ын ғана алуға құқықығы бар. Ал қалған қаражатты құқық иелеріне төлеулері тиіс.

«Заңнамада авторлық қауымдастық ұстап қалуы тиіс қаражат мөлшерінің нормасы көрсетілмегендіктен, олар ұстап қалған қаражатты өз қалауларынша жарата алады», — деді бас прокуратура өкілі.

«2010 жылы республикалық «Қазақ әндерін орындаушылар» қоғамдық бірлестігі пайдаланушылардан келіп түскен Т9,1 млн қаражаттың Т8,6 млн-ын немесе 94,5%-ын қоғам шығынына жатқызған», — деді Ж. Өмірәлиев.

Сондай-ақ ол құқық иелеріне мүлдем сыйақы төленбеген фактілер де орын алғанын жеткізді.

«Республикалық «Дему» продюссерлер және орындаушылар одағы» қоғамдық бірлестігіне фонограммаларды орындағаны үшін Т8,4 млн қаржы келіп түскен. Бірақ бұдан бір де тиын құқық иелеріне төленбеген», — деді бас прокуратура өкілі.

Ведомство мәліметтерінше, республикамызда 7 авторлық қоғам жұмыс істейді.