Бұл туралы Facebook-тағы парақшасында ҚР ИДМ кадр жұмысы департаментінің директоры М. Ирғалиев хабарлады.
Қасенов Талғат Аманжолұлы Қарағанды облысында 1973 жылы 4 маусымда туылған.
Киев азаматтық авиация университетін инженер-механик мамандығы бойынша аяқтаған.
1996 жылдан бастап, азаматтық авиация жүйесінде жұмыс істейді.
2013 жылдан бастап, Азаматтық авиация комитетінде қызмет атқарады.
Соңғы жұмыс орны — ҚР ИДМ ААК сапа кепілдемесі басқармасының бас мемлекеттік инспекторы.