ҚР азаматы «Мәскеу-Челябі» тас жолында 7 көліктің қатысуымен болған жол апатына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР азаматы «Мәскеу-Челябі» тас жолында 7 көліктің қатысуымен болған жол апатына ұшырады

ҚР азаматы «Мәскеу-Челябі» тас жолында 7 көліктің қатысуымен болған жол апатына ұшырады

«Мәскеу-Челябі» жолының М5 трассасында жүрген «ДАФ» жүк көлігінің тежегішінің істен шығуы қайғылы оқиғаға әкелді. 

  • 25 Тамыз 2015
  • 587
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға 24 тамыз күні кешке жолдың 1623-ші шақырымында орын алды, деп хабарлады Миасс Online.

«ДАФ» жүк көлігінің жүргізушісі, 1966 жылы туған Қорған тұрғыны көлікті басқара алмай, 1992 жылы туған Челябі тұрғыны басқарған «Киа-Карэнс» автомобиліне және рөлінде 1976 жылы туған Краснояр өлкесінің тұрғыны отырған «Хонда-Фрид» көлігіне соғылды. Салдарынан «Киа» мен «Хонда» жолдан шығып кетті, деп хабарлады РФ ІІМ Челябі облысы бойынша ММ баспасөз қызметінен. — Кейін автомобиль «ВАЗ-2115», «Митсубиси-Паджеро» және «Форд-Фокус» көліктерімен соқтығысты, артынан барлық 4 автомобиль «Вольво» жүк көлігімен соқтығысты. Оны 1986 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы басқарды».


Көліктер отқа оранды. Жеңіл көліктер толық өртеніп кетті.
Алдын ала ақпарат бойынша, 6 адам қаза тапты: 4-уі — «ВАЗ-2115» көлігінен және 2-уі — «Митсубиси-Паджеро» көлігінде болғандар. «Киа-Карэнс» жүргізушісі мен «Хонды-Фрид» жолаушысы (1981 жылы туған) түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 
«Мәскеу-Челябі» тас жолында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

234

Соңғы жаңалықтар