ҚР банктеріндегі Т5 млн көлеміндегі депозиттерге кепілдік беруді 2012-ші жылдан соң да сақтау керек
ҚР банктеріндегі Т5 млн көлеміндегі депозиттерге кепілдік беруді 2012-ші жылдан соң да сақтау керек, деп ҚР Ұлттық банкінің бастық орынбасары Данияр Әкішев мәлім етті. |
«Қолданыстағы заңда Т5 млн ақшаға кепілдік беру 2012-ші жылдың қаңтарына дейін деп қарастырылған. Одан кейін ол Т1 млн-ға дейін төмендетіледі. Егер норманы қайта қарайтын болсақ, онда заңды да өзгертуіміз керек... Біз қолданыстағы норманы сақтау керек деп отырмыз», - деді Д. Әкішев сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысының кулуарында.
Оның айтуынша, Ұлттық банк бұл мәселені «әр деңгейде» талқылап отыр. «Жақын айда шешімді жариялаймыз», - деді Д. Әкішев.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) 1999 жылы 15 қарашада құрылған. Оның құрылтайшысы әрі жалғыз акционері – ҚР Ұлттық банкі. ҚДКҚ жеке тұлғалардың екінші деңгейдегі банктерге слаған Т5 млн мөлшердегі салымдарына кепілдік беріп, егер банк мәжбүрлі жойылатын болса, салымды қайтарып берумен айналысады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін