ҚР бас прокуратурасы экстремизммен күрестегі рөлін күшейтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР бас прокуратурасы экстремизммен күрестегі рөлін күшейтеді

ҚР бас прокуратурасы экстремизммен күрестегі рөлін күшейтеді

Қазақстанның бас прокуратурасы экстремизммен күрестегі ролін күшейтеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

  • 15 Шiлде 2011
  • 481
Фото - Caravan.kz

«…Бас прокурорАсхат Дауылбаев ұйымдасқан қылмыспен, экстремизм және терроризммен, сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күрестегі прокуратура органдарының үйлестірушілік рөлін күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар берді», — делінген бас прокуратураның жұма күні өткен алқа отырысынан кейін таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Оған сәйкес, алқа отырысын ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысын талқылауға, алдағы кезеңге арналған басымдықтарды айқындауға арналды.

«255 мыңнан астам заңдылықты бұзу тіркелді. 21 мың қадағалау актісін қарау нәтижесінде 353 мың азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды. 23 миллиард теңге шығынның орны толтырылды, оның ішінде 14 миллиард теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Прокурорлық ықпал ету шараларымен республика көлемінде жалпы сомасы 2,2 млрд. теңге жалақы қарыздары өтелді.

Сондай-ақ, бас прокуратура қылмыстар мен оқиғалар туралы арыз-шағымдарды тіркеу және қарау процесіне инновациялық технологияларды енгізу жұмыстарын жүзеге асыруда, осының нәтижесінде әрбір арыз бен хабарламаның қаралу барысын шынайы уақыт режимінде мониторинг жасап отыруға мүмкіндік туды.

Соңғы жаңалықтар