ҚР бас прокуратурасы елімізде жұмыс істейтін үкіметтік емес 33 ұйымды тексеруге санкция берді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР бас прокуратурасы елімізде жұмыс істейтін үкіметтік емес 33 ұйымды тексеруге санкция берді

ҚР бас прокуратурасы елімізде жұмыс істейтін үкіметтік емес 33 ұйымды тексеруге санкция берді

ҚР бас прокуратурасы елімізде жұмыс істейтін үкіметтік емес 33 ұйымды кешенді тексеруге санкция берді. Бұл туралы бүгін, 14-наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның Қазақстандық өкілдігінің директоры Евгений Жовтис құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Наурыз 2005
  • 561
Фото - Caravan.kz

Е.Жовтистің айтуынша, тексеруді бастауға парламент мәжілісінің депутаты Ерасыл Әбілқасымовтың ҚР бас прокуратурасына жолдаған депутаттық сауалы түрткі болған. Тексеру аясына бас пәтері АҚШ-та орналасқан немесе осы елдегі көздерден қаржыландырылатын 28 үкіметтік емес ұйым ілігіп отыр. Олардың арасында АҚШ Қызыл крест қоғамы, АҚШ заңгерлері қауымдастығы, Сайлау жүйелері жөніндегі қор, Мэриленд штаты университеті, Халықаралық бейбітшілік корпусы, ПРАГМА корпорациясы, Соғыс және бейбітшілік туралы ақпарат институты сынды ұйымдар бар. Халықаралық ұйымдар арасынан прокуратура Халықаралық көші-қон ұйымын, БҰҰ Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының өкілдігін тексермекші. Ал қазақстандық ұйымдар арасынан бұл тізімде Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның Қазақстандық өкілдігі, «Әділ сөз» қоры мен «Internews-Kazakhstan» бар.

Е.Жовтистің айтуынша, «тексеру туралы қаулыда қандай заң бұзушылық оқиғаларына байланысты тексеру жүргізілетіні нақты көрсетілмеген». «Прокуратура үкіметтік емес ұйымдардың жарғысы мен тіркеу куәлігін, бүкіл қаржылық ақпараттарын, донорлар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы, әдістемелік материалдар мен жадынамалар, аталмыш ұйымдар тарапынан ұйымдастырылатын семинарлар мен тренингтерге қатысушылар туралы ақпаратарды талап еткен». Тексеру шарасына прокурорлармен бірге ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігі мен салық инспекциясының қызметкерлері қатысуда.
Өз тарапынан Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның Қазақстандық өкілдігі ҚР бас прокуратурасына парламент мәжілісінің депутаты Ерасыл Әбілқасымовтың хатының мәтінімен таныстыру туралы өтініш жолдады. «Егер біз депутаттың хатынан біздің ұйым заңсыз әрекеттерді қаржыландырумен айналысатындығы туралы ақпар тапсақ, онда депутатқа қарсы үкіметтік емес ұйымның ар-ұжданы мен беделін қорғау туралы сотқа шағым түсіретін боламыз»,- деді Е.Жовтис.

Перейти к новостям спорта