ҚР бас прокуратурасы мен Түркияның әділет министрлігі ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР бас прокуратурасы мен Түркияның  әділет министрлігі ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймақшы

ҚР бас прокуратурасы мен Түркияның әділет министрлігі ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймақшы

ҚР бас прокуратурасы мен Түркияның әділет министрлігі қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуді жеңілдету мақсатындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоймақшы. Осы жөніндегі уағдаластыққа бүгін, 25-қыркүйекте ҚР бас прокуроры Рашид Түсіпбеков пен Түркияның әділет министрі Жемил Чичектің кездесуінде қол жеткізілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

  • 15 Қыркүйек 2005
  • 410
Фото - Caravan.kz



Тараптардың пікірінше, бұл құжатқа қол қою «екі елдің құқық қорғау мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігіне оң ықпалын тигізеді».
Кездесу барысында тараптар лаңкестікпен, есірткі саудасымен және басқа да қылмыс түрлерімен күрес, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді өткеріп беру мәселелерін талқылады.
Түркияның әділет министрі экономикалық және саяси, адам құқығы мен бостандығын қорғау салаларындағы Қазақстанның жетістіктерін ерекше атады.
ҚР бас прокуроры республиканың мемлекеттік органдары жүйесінде прокуратураның атқаратын рөлінен хабардар етті.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта