ҚР Бас прокуратурасы миграциялық бақылауды күшейтуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Бас прокуратурасы миграциялық бақылауды күшейтуді ұсынады

ҚР Бас прокуратурасы миграциялық бақылауды күшейтуді ұсынады

"Қазақстанда виза беру және тіркеу мәселелерін одан әрі жеңілдетуге болмайды". Бүгін, 27-қыркүйекте Астанада ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында ҚР бас прокурорының орынбасары Әбдірашит Жүкенов осындай пікір білдірді.

  • 27 Қыркүйек 2004
  • 493
Фото - Caravan.kz

Ә.Жүкеновтың айтуынша, «Қазақстандағы қазіргі көші-қонды бақылау жүйесі қалыптасып отырған заңсыз миграциялық ахуалға мүлдем сай келмейді». Мәселен, көші-қон полициясы департаментінің мәліметі бойынша, 2004-жылдың алғашқы жартысында 19 мыңдай шетел азаматтары тиісті рұқсат алмай Қазақстанда заңсыз жұмыс істеді. «Мигранттарды заңсыз жіберуге бағытталған біртұтас жүйе қалыптасып отыр, оған ТМД азаматтарымен бірге шетелдіктер де енеді»,- деді Ә.Жүкенов. Оның айтуынша, 2004-жылдың алғашқы жартысында Қазақстанға келу ережелерін бұзуға байланысты 3546 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, олардың арасынан 305 адам елден шығарылса, 2483 адам тұтқындалып, 308 адамға қатысты іс материалдарын тексеру доғарылды. 2004-жылдың алғашқы жартысында республикалық соттар шетелдіктердің Қазақстан аумағында болу ережесін бұзуына байланысты 3502 әкімшілік іс қараса, 2003-жылғы тиісті мерзімде 16034 іс қаралған.

Ә.Жүкеновтың айтуынша, осыған байланысты заңсыз көші-қон құбылысымен күресте мемлекеттік құрылымдар арасындағы ықпалдастықты күшейту қажет. ҚР бас прокуратурасы үкіметке көші-қон заңнамасын жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар енгізген. Атап айтсақ, прокуратура органдары нақты құқықтық мәртебесі жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды орналастыруға арналған орталықтар желісін құруды, көші-қон қарым-қатынастары саласындағы бақылаушы мекемелердің жауапкершілігін арттыруды, елімізге келген шетел азаматтарын тіркеу және идентификациялау жұмыстарының біртұтас тетіктерін ойлап табуды, ҚР аумағына келген шетелдіктердің орталықтандырылған мәліметтер қорын қалыптастыруды ұсынады.

Перейти к новостям спорта