ҚР Бас прокуратурасы пираттық өнімдермен күресте Ресей мен Украинаның тәжірибесін қолдануды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Бас прокуратурасы пираттық өнімдермен күресте Ресей мен Украинаның тәжірибесін қолдануды ұсынады

ҚР Бас прокуратурасы пираттық өнімдермен күресте Ресей мен Украинаның тәжірибесін қолдануды ұсынады

ҚР Бас прокуратурасы пираттық өнімдермен күресте Ресей мен Украинаның тәжірибесін қолдануды ұсынады. Бұл туралы бүгін, 30-наурызда ҚР бас прокуратурасының мемлекеттік мекемелердің іс-қызметін қадағалау жөніндегі бөлім бастығы Андрей Кравченко хабарлады.

  • 30 Наурыз 2004
  • 367
Фото - Caravan.kz

Авторлық құқыққа қол сұға отырып заңсыз шығарылған өнімдердің таралуымен күрес тәсілдерінің бірі «аталмыш өнімді тарату құқығына қатысты барлық мәліметтер басылған бақылау маркасын қолданысқа енгізу» болмақ. А.Кравченконың айтуынша, бұл тәжірибе Украинада табысты пайдаланылуда. «Бақылау маркасының құны небәрі 5 цент немесе 7 теңге тұрады, демек ол өнім бағасына әсер етуге тиіс емес»,- дейді прокурор.

Сондай-ақ, тағы бір күрес тәсілі, прокурордың айтуынша, мультимедиалық өнімдерді арнаулы емес орындарда сатуға тыйым салуға саяды. А.Кравченконың айтуынша, «мұндай тәжірибе Ресей мен Украинада қалыптасқан». Бұл елдерде «мультимедиалық өнімдер оларды сатуға арнайы рұқсат берілген сауда орталықтары мен дүкендерде ғана сатылады».
Прокурордың пайымдауынша, бұл елдердің тәжірибесін пайдалану «сатылған өнімнің пираттық өнім екенін соттарда дәлелдеу жөніндегі ең күрделі проблемалардың бірін шешуге мүмкіндік береді». «Соттар қазір сараптамалар өткізуді талап етуде, ондай шаралар ұзаққа созылады. Ал осындай сапалы сараптама жасап беруге қабілетті мекемелер республика көлемінде Алматы, Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларында ғана бар»,- деді ол. ҚР бас прокуратурасы ұсынып отырған тәсілдер өнімнің түрін ол табылған жерде бірден анықтауға мүмкіндік береді,- деді А.Кравченко.

Соңғы жаңалықтар