ҚР бас прокуратурасы қаржы полициясы органдарының заңдылықты сақтауына қатысты кәсіпкерлер арасында анкеталық сауалнама жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР бас прокуратурасы қаржы полициясы органдарының заңдылықты сақтауына қатысты кәсіпкерлер арасында анкеталық сауалнама жүргізді

ҚР бас прокуратурасы қаржы полициясы органдарының заңдылықты сақтауына қатысты кәсіпкерлер арасында анкеталық сауалнама жүргізді

ҚР бас прокуратурасы қаржы полициясы органдарының заңдылықты сақтауына қатысты кәсіпкерлер арасында аты-жөнін көрсетпей анкеталық сауалнама жүргізді. Бұл туралы бүгін, 22-тамызда Бас прокуратураның ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігі және ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті органдарындағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы Болат Жүсіпов Астагада өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Тамыз 2005
  • 677
Фото - Caravan.kz

«Қандайбір мекеменің жұмысын жетілдіру үшін оның кемшіліктерін білу ләзім. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында қаржы полициясы органдарының заңдылықты сақтауына қатысты кәсіпкерлер арасында анкеталық сауалнама жүргізілді»,- деді Б.Жүсіпов.

Б.Жүсіпов ортаға салған сауалнама мәліметтеріне сәйкес, оған қатысқандардың 24 проценті қаржы полициясының қызметкерлері салыққа қатысты тексерулер жүргізуге қатысады деп атап өткен. «Ал белгіленген тәртіпке сәйкес, салық тексерулерін тек салық мекемелері ғана жүзеге асыруға тиіс»,- деді Б.Жүсіпов. Сонымен бірге анкеталық жауапқа қатысқандардың 14 проценті қаржы полициясы өз тексерулерін тиісті нұсқамасыз жүзеге асыратынын хабарлаған.
Б.Жүсіповтың хабарлауынша, анкеталық сауалнама мен тексерулер қорытындысы бас прокуратураның алқа мәжілісінің талқысына шығарылады.

Перейти к новостям спорта