Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кейбір отандық БАҚ-тарда Ресей мемлекеттік думасы спикерінің орынбасары В.Жириновскийдің «Эхо Москвы» радиостанциясына берген сұхбаты жарияланған. Бұл сұхбатта В.Жириновский екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау оқиғасына орай Ресей мен Қазақстанның өзара ықпалдастығы жайында өз пікірін білдірген.
ҚР бас прокуратурасының ақпараты бойынша, «сұхбат мәтінінде Ресей және Қазақстан халықтарының арасында ұлттық араздық пен өшпенділік тудыру, қазақ ұлты өкілдерінің ұлттық ар-ұжданы мен намысын аяққа таптау сипатындағы ой-пікірлер бар. Бұның өзі РФ Қылмыстық кодексінің 282-бабына сәйкес қылмыстық құрамды қалыптастырады».