Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, «шетелдік азаматтардың қолында қызды асырап алуға рұқсат беретін соттың шешімі мен қамқорлық және қорғаншылық мекемесінің қорытындысы болмаған. Оның үстіне қызды өзінің туған анасы Алматыдағы бір нотариус арқылы өткеріп берген».
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Алматыдағы қамқорлық және қорғаншылық мекемелерінің өкілдері баланы анасына, немесе,тиісті балаларды асырау мекемелеріне қайтаруға талай мәрте талпынып көрген. Алайда, қызды Алматыдағы бір пәтерде ұзақ уақыт бойы тығып ұстаған шетелдіктер «артынан оны алып іздерін жасырып кеткен».
2005-жылдың 10-қыркүйегінде Жаңа Зелания азаматтарының жүрген жері анықталып, олар баланы Алматыдағы қамқорлық және қорғаншылық мекемесіне өз бетімен қайтарды.
Бала қазір сауықтыру мақсатымен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жатыр. Оны қамқорлыққа беру мәселесі содан кейін шешіледі, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті