ҚР бас прокуратурасы туризм жөніндегі комитеттің туроператорлар мен турагенттерге қатысты хатына қарсылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР бас прокуратурасы туризм жөніндегі комитеттің туроператорлар мен турагенттерге қатысты  хатына қарсылық білдірді

ҚР бас прокуратурасы туризм жөніндегі комитеттің туроператорлар мен турагенттерге қатысты хатына қарсылық білдірді

ҚР бас прокуратурасы ҚР интустрия және сауда министрлігінің туристік және сауда іс-қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының лицензиатқа тиісті лицензия алмастан, туроператор және турагент міндетін қатар атқаруға мүмкіндік беретін хатына қарсылық білдірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қазан 2005
  • 591
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, бұл хат Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментіне түсініктеме беруге арналған. Онда туроператорлықпен айналысуға құқығы бар лицензиат осымен бір уақытта тиісті лицензия алмастан турагент функциясын да атқара алады деп көрсетілген.

Хаттың мазмұны Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» заңы мен үкіметтің қаулысына сәйкес бекітілген «Туристік қызметке лицензия беру ережелерінің» талаптарына қайшы келеді. Өйткені, туроператор мен турагент екі түрлі функция атқарады әрі олар туристік қызметтің екі түріне жататындықтан, екі түрлі лицензия алуға тиіс.
Сөйтіп, комитеттің жоғарыда аталған хаты шаруашылық субьектілеріне турагент ретіндегі қызметпен лицензиясыз айналысуа мүмкіндік беріп, оларды лицензиялық алымдардан босатып келген.
Прокуратураның қарлысығы бойынша комитет осынау заңсыз хатты кері қайтарып алды.

Перейти к новостям спорта