ҚР Бас прокуратурасының жанынан қаржылық барлау мекемесі құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Бас прокуратурасының жанынан қаржылық барлау мекемесі құрылды

ҚР Бас прокуратурасының жанынан қаржылық барлау мекемесі құрылды

ҚР Бас прокуратурасының жанынан қаржылық барлау мекемесі құрылды. Бұл туралы бүгін, 18-сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Сәуiр 2005
  • 515
Фото - Caravan.kz

Б.Мұхамеджановтың айтуынша, Елбасының 14-сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік мекемелер мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес ҚР Бас прокуратурасына қаржылық бақылау органын құру жөніндегі нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу туралы тапсырма берілді.

«Мониторинг жүргізудегі басты мақсат — еліміздегі күдікті қаржылық операцияларды қадағалау болып табылады. Біз бұл бағытта көптеген елдердің, соның ішінде осындай тәжірибе тиімді болып шыққан Балтық жағалауы елдерінің тәжірибесін зерттедік»,- деді ҚР президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
Оның айтуынша, Қазақстанда бюджетке салық төлеуден жалтарып кету арқылы мемлекетке қыруар шығын келтіріп отырған «бір күндік фирмалар» проблемасы баршылық. «Тіпті Алматыда бір ғана фирма 3 млрд. теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға айырбастаған жағдай кездесті. Осындай оқиғалардан еліміз бойынша салық берешегі 10 млрд. теңгені құрайды»,- деді Б.Мұхамеджанов.
Б.Мұхамеджановтың айтуынша, банк саласындағы бақылаушы мекемелер қандай да бір операцияның ашықтығына күмән келтірген жағдайда бұл туралы ақпаратты бас прокуратураға береді. «Ал бас прокуратура қылмыс немесе заң бұзушылық нышандарын анықтаған жағдайда іс материалдарын қаржы полициясына немесе ҰҚК-іне өткереді»,- деді ол.
ҚР бас прокуроры Рашид Түсіпбековтың айтуынша, «бас прокуратураның жанынан ақпарат жинау және талдаумен шұғылданатын жинақы құрылым жасақталуда. Ол банктер, биржалар, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы жинақтаушы қорлар, брокерлер мен қаржы рыногына қатысушы басқа да субьектілерді тексеретін болады». Заңды тұлғалар үшін 5000 айлық есептік көрсеткіштен, ал жеке тұлғалар үшін 2000 айлық есептік көрсеткіштен асатын операцияларға мониторинг жүргізілетін болады.

Перейти к новостям спорта