ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың баяндамасы. Жыл қорытындысы - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың баяндамасы. Жыл қорытындысы

ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың баяндамасы. Жыл қорытындысы

2012 жылы прокурорлармен қабылданған шаралардың арқасында мемлекетке 123 млрд. теңге қайтарылып, 434 млрд. теңге шамасындағы мемлекетке келтірілуі мүмкін залалдың жолын кесілді.

  • 21 Желтоқсан 2012
  • 659
Фото - Caravan.kz

«Атқарушылық өндірісте бюджетке нақты қайтарылған соманың өзі 19 млрд. теңгені құрайды. Прокуратура тексерістерінің нәтижесінде мемлекетке шамамен 16 мың гектарды құрайтын 100-ге тарта жер учаскелері қайтарылды. Бұлардың кадастрлық құны 215 миллиард теңге шамасында болып отыр», — дейді Асхат Дауылбаев.

Оның айтуына қарағанда, 2012 жылы прокуратура органдарымен заңсыз сот актілеріне наразылық білдіру жолымен 33,5 млрд. теңгені құрайтын азаматтық және әкімшілік істер бойынша мемлекеттің материалдық мүдделері қорғалған.

2012 жылы еліміздегі уақытша ұстау изоляторларында заңсыз ұсталған 1152 адам анықталып, босатылды.

Бас прокурордың айтуынша, прокуратура қызметкерлері жұмысының басым бағыттарының бірі қылмыстық үдерістер барысындағы азаматтардың конституциялық құқын қорғау болып табылады. «Бұл бағытта азаматтардың конституциялық құқын қорғаудың нақты тетігін кезекші прокуратура институты атқарып келеді. Оның табысты қызмет етуі азаматтарға қатысты оларды заңсыз ұстау немесе басқа да заңға қайшы фактілердің алдын алуға зор септік болып табылады», — дейді А. Дауылбаев.

Оның айтуынша, қабылданған шаралардың арқасында қызметтік кабинеттерде, қылмыстық қудалаудың басқа да мекемелерінде азаматтарды заңсыз ұстау фактілері 20 пайызға азайған. Бұдан бөлек, прокуратура өкілдері негізсіз атқарылатын жедел-іздестіру шараларына тыйымдар жасап, сырттай бақылауға алынған 450-ден астам азаматтың құқын қорғаған.

Елімізде жалақы берешегі бойынша жалпы қарыз үш есеге дейін азайды.

«Прокуратура органдарының ұдайы бақылауында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселесі тұр. Осы бағытта атқарылған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері прокурорлар еліміздегі 131 мыңға тарта жұмысшының жалпы сомасы 7,7 миллиард теңге болатын жалақы бойынша қарыздарын өтеуді қамтамасыз етті. Нәтижесінде жалақы бойынша жалпы қарыз үш есеге кеміп, 4,6 млрд. теңгеден 1,6 млрд. теңгеге дейін азайды», — деді А.Дауылбаев.
2012 жылы еліміздің прокуратура органдары кәсіпкерлік қызметті заңсыз тексерудің 27 мыңға тарта фактісінің алдын алды.

«Бизнесті қорғау саласында прокуратура органдары 27 мыңға тарта заңсыз тексерістің алдын алды. Бұл ретте шамамен 7 мыңға жуық кәсіпкерлердің құқы қорғалды. Ал бұндай нәтижеге ең алдымен әрбір прокуратура органдарының жанында құрылған кәсіпкерлік құқын қорғау жөніндегі жедел топтардың құрылуы өз септігін тигізді», — дейді бас прокурор Асхат Дауылбаев. Оның айтуына қарағанда, прокуратура жанынан құрылған жедел топтар кәсіпкерлерден келіп түскен «дабыл» бойынша жедел шығып, заңсыз тексеруді жүргізбек болған органға құқықтық баға береді.