ҚР Бас прокуроры Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Бас прокуроры Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісімен кездесті

ҚР Бас прокуроры Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Бүгін Бас прокурор Асхат Дауылбаев Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ли Бен-Хвамен кездесті,

  • 4 Маусым 2011
  • 374
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі мәселелері қозғалды. Бас прокурор жан-жақты байланыстың жоғарғы деңгейімен сипатталатын Корея мен Қазақстанның мемлекетаралық қатынастарының мағынасында құқықтық саладағы өзара тиімді серіктестіктің үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті. Соңғы кездері құқықтық көмек және тұлғаларды беру туралы екі келісімге қол қойылды, олар бүгінгі таңда өз нәтижелерін беруде. Мысалға, осы жылы Қазақстан жалған құнды қағаздарды әзірлегені үшін сотталған Корея азаматын берді.

Кездесу барысында сыбайластыққа қарсы күрес, киберқылмыстылық, заңсыз жолмен алынған кірістерге әрекет саласындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелері қозғалды. Тараптар қылмыстың осы санатын ашып, тергеу кезінде алдыңғы қатарлы технологиялармен алмасу, оқу курстары мен тренингтердің өткізілуін ұйымдастыру, әдістемелік және ақпараттық-талдау материалдарымен алмасу саласында екіжақты байланысты ұлғайту туралы келісті.

А. Дауылбаев Елшіге осы жылғы жаз айының ортасында Сеулде өтетін прокурорлардың Халықаралық қауымдастығының жыл сайынғы конференциясына және бас прокурорлардың Бүкіләлемдік саммитіне қатысуға ниетті екенін атап өтті.

Мәртебелі қонақ Қазақстан Республикасының Бас прокурорына жылы жүзбен қарсы алып, мазмұнды ақпарат бергені үшін өз ризашылығын білдірді. Ол сондай-ақ әлемдік құқықтық қоғамдастық үшін үлкен оқиға болып табылатын алдағы өткізілетін бас прокурорлардың Саммитіне әлемнің жүз елінің қадағалау органдары басшыларының қатысуы күтіліп отырғанын хабарлады.

Сұхбаттасушылардың айтуынша, бұл өткізілген кездесу қалыптасқан нәтижелі ынтымақтастықтың одан әрі дамуы, сондай-ақ екі елдің құқықтық жүйелерінің дамуында тәжірибе алмасуы жолындағы маңызды қадам болуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар