ҚР бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

ҚР бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

ҚР бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

  • 1 Желтоқсан 2021
  • 328
Фото - Caravan.kz

Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың "омикрон" коронавирус инфекциясы штамының нұсқасы Қазақстанға жетуінің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы қаулысы шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдар оларды ертіп алып жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама (бұдан әрі — анықтама) бар болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын, құжаттамалық растауды ұсынған, Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған азаматтарды қоспағанда барлық келетіндер адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесін берген күнінен бастап 3 тәуліктен астам уақыт өтпеген теріс нәтижесі бар (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі) Анықтаманы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ұсынуға міндетті.

  • Бұл ретте, оларды ертіп алып жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама (бұдан әрі — Анықтама) бар болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда Израиль, Чехия, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада, Бельгия және Египет елдерінен келген азаматтар COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес ПТР әдісімен алынған COVID-19 тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуға міндетті.

  • Халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады;

  • Авиакомпания басшылары оларды ертіп алып жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама (бұдан әрі — анықтама) бар болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы бар-жоғына қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 72 сағаттан ерте емес алынған теріс нәтижесі бар Анықтаманы ұсынбаған, осы қаулыға қосымшаға сәйкес шетелден келген жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жол бермеуі тиіс;
     

Қаулы 2021 жылғы 3 желтоқсанда сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Таяуда Қазақстанда "омикрон" штамына байланысты жаңа шектеулер енгізілетіні хабарланды.