ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясына жаңа басшы келді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясына жаңа басшы келді

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясына жаңа басшы келді

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысының бұйрығымен аталмыш агенттіктің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы болып Салауат Дәуітұлы Вахитов тағайындалды.

  • 30 Маусым 2011
  • 410
Фото - Caravan.kz

Ол 1975 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін экономист-менеджер, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар