ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің барлық шешімдері алқалы түрде ашық қабылданады - Есенбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің барлық шешімдері алқалы түрде ашық қабылданады - Есенбаев

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің барлық шешімдері алқалы түрде ашық қабылданады - Есенбаев

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің барлық шешімдері алқалы түрде ашық қабылданады. Бүгін бәсекелестік туралы заң жобасы талқыланған "дөңгелек үстел" барысында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы М. Есенбаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Тамыз 2008
  • 383
Фото - Caravan.kz

«Монополияға қарсы күресуші Бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымында бір-бірінен тәуелсіз бес адамнан құралған басқармалар институты құрылады», — деді М. Есенбаев.

Соның нәтижесінде басты қызмет мәселелері бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің барлық шешімдері алқалы түрде ашық қабылданады, деді агенттік басшысы.

«Бұл тәжірибе антимонополиялық орган тарапынан шешім қабылдауда субъективизмнен мейлінше алшақ болуға мүмкіндік береді», — деді М.Есенбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар