ҚР білім беру саласын дамыту бағдарламасын үкімет мақұлдаған жағдайда "Білім туралы" жаңа заң қабылдау қажеттігі туындамақ - ҚР білім және ғылым министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР білім беру саласын дамыту бағдарламасын үкімет мақұлдаған жағдайда "Білім туралы" жаңа заң қабылдау қажеттігі туындамақ - ҚР білім және ғылым министрі

ҚР білім беру саласын дамыту бағдарламасын үкімет мақұлдаған жағдайда "Білім туралы" жаңа заң қабылдау қажеттігі туындамақ - ҚР білім және ғылым министрі

Қазақстан Республикасында білім беру саласын дамытудың 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын үкімет мақұлдаған жағдайда "Білім туралы" жаңа заң қабылдау қажеттігі туындайды. Бүгін, 18-тамызда ҚР білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Астанада мекеме басшысы Жақсыбек Күлекеев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Тамыз 2004
  • 724
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңның өзіне жаңа нормалар енгізу қажеттігімен бірге бұл бағдарлама білім беру мекемелерін аттестациялау, аккредитациялау және лицензия беру тәртіптерін регламенттеуші нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады»,- деді Ж.Күлекеев.

Оның айтуынша, қазір ҚР білім және ғылым министрлігі төрт бірдей тиісті заң жобасын жасаумен шұғылдануда.
«Мүмкін, бұл құжаттардың барлығын бір заң жобасына біріктіретін шығармыз, бірақ, білім беру саласын дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға негіз болатын білім беру туралы жаңа заңды қабылдау қажеттігіне бүгінде ешкім де қарсы дау айта алмайды»,- деді ҚР білім және ғылым министрі.

Перейти к новостям спорта