ҚР білім және ғылым министрі Елбасына білім беру сапасын жетілдіру бағытындағы шараларды таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР білім және ғылым министрі Елбасына білім беру сапасын жетілдіру бағытындағы шараларды таныстырды

ҚР білім және ғылым министрі Елбасына білім беру сапасын жетілдіру бағытындағы шараларды таныстырды

Бүгін, 4-тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеевті қабылдады. Министр Елбасына білім беру сапасын жетілдіру бағытындағы шараларды таныстырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Тамыз 2003
  • 431
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі таңда министрлік жоғары оқу орындарында аралық бақылау тәртібін енгізу саласында еңбек етуде. Соған сәйкес екінші курс бітірген студенттер арасында міндетті аттестациялау тәртібі енгізілмекші. Аттестациялау шарасын тәуелсіз сарапшылар комиссиясы жүзеге асыратын болады. Кездесу барысында мемлекет басшысы жоғары білім беру сатысынан кейінгі білім жетілдіру жүйесіне қатысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ, бүгін ҚР ІІМ Қайырбек Сүлейменов Елбасына еліміздегі қазіргі оперативтік ахуал туралы, ҚР ІІМ-нің бірінші жарты жылдықтағы жұмыс қорытындысы және мекеме аясындағы жаңа тағайындаулар туралы есеп берді. Жұмыс бабындағы кездесу барысында сондай-ақ, ішкі істер министрі биылғы қыркүйек айына белгіленген халықаралық діндер құрылтайы мен алдағы мәслихат сайлаулары барысында құқық бұзушылық әрекеттерге жол бермеу бағытында жасалып жатқан алдын-ала шаралар туралы баяндап берді.

Соңғы жаңалықтар