ҚР Білім және ғылым министрі Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың Басқарушылар кеңесінің отырысына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Білім және ғылым министрі Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың Басқарушылар кеңесінің отырысына қатысты

ҚР Білім және ғылым министрі Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың Басқарушылар кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов 27-28 маусымда Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың Басқарушылар кеңесінің отырысына қатысты,

  • 28 Маусым 2011
  • 378
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Қазақстанның білім және ғылым министрі, ротация кестесіне сәйкес Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың Басқарушылар кеңесінің мәжілісіне елдерінің ТМД және Грузияның атынан қатысуда.

Отырыста Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларының жүзеге асырылу барысының нәтижелері талқыланды, жаңа қосымша бағдарламалар бекітілді. Басқарушылар кеңесінің 53-ші отырысының мәлімдемесі қабылданды.

Кеңес жұмысына Еуроодақ, АҚШ, Канада, Корея, Норвегия, Жапония, ТМД, Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысты.

Б.Жұмағұлов Мәскеу сапарының барысында ресейлік әріптестері Андрей Фурсенкомен кездесіп, білім, ғылым және инновация саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Соңғы жаңалықтар