ҚР білім және ғылым министрі Ұлыбританияның колледждері қауымдастығы делегациясымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР білім және ғылым министрі Ұлыбританияның колледждері қауымдастығы делегациясымен кездесті

ҚР білім және ғылым министрі Ұлыбританияның колледждері қауымдастығы делегациясымен кездесті

Астана. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев TVET UK колледждері қауымдастығы делегациясының жетекшісі Мэтью Андерсон, Дадли колледжінің директоры Андреа Джон және басқа да Ұлыбританияның жетекші оқу орындарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі министрліктің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Қазан 2008
  • 643
Фото - Caravan.kz

Кездесуде әріқарайғы ынтымақтастықтың келешегіне байланысты бірқатар тақырыптар сөз болды. Ең бастысы, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мынадай мәселелер: халықаралық сарапшыларды тарта отырып, техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары мен кәсіптері бойынша мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын әзірлеу; кәсіптік лицейлер үшін шетелдік оқытушыларды тарту; сертификаттау саласындағы халықаралық ұйымдарды тарта отырып мамандардың кәсіби дағдылары мен біліктіліктерінің сапасын тәуелсіз бағалау және сертификаттау жүйесін енгізу; ИСО 9001-2000 сапа менеджменті жүйесінің стандарттарымен сәйкестендірілген техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын басқару стандарттарын әзірлеу және енгізу мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта тараптар ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ұлыбритания колледждері қауымдастығы арасында биылғы жылдың тамыз айында қол қойылған Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал ететін мәселер бойынша ынтымақтасу туралы меморандум шеңберінде жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар