Жаңа тағайындау туралы өкімге ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов 24-желтоқсан, жұмада қол қойған.
Хафиза Өтеулина 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Ол осындағы ауыл шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша 1982 жылы бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Батыс Қазақстан облыстық экономика және сауда басқармасының бастығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бас маманы, бөлім және басқарма бастығы қызметтерін атқарып, 2000 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған. Білім және ғылым вице-министрі болып тағайындалғанға дейін үкімет басшысы кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі қызметінде істеді.