Б.Әйтімова 1953-жылы Батыс Қазақстан облысында туған. А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (ағылшын тілінің мұғалімі) және Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (заңгер) бітірген. 1993-1996-жылдары жастар ісі, туризм және спорт министрлігін басқарды. 1996-жылдың қаңтар айында ҚР парламенті сенатының депутаты болып сайланды. 1996-жылдың қазан айында Қазақстанның Израильдегі, кейінірек Италиядағы елшісі болып тағайындалды. 2004-жылдың мамыр айынан бері ҚР үкімет басшысының орынбасары.
ҚР президентінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сол күні мемлекет басшысы Жақсыбек Күлекеевті өз өтініші бойынша қызметінен босатты. Ж.Күлекеев 2003-жылдың маусым айынан бері ҚР білім және ғылым министрі болды.