Бұл құжатқа қол қою арқылы Қазақстанда биотехнологиялар саласын дамыту мақсатындағы өзара ынтымақтастықтың бастапқы сатысы жүзеге асырала бастайды.
Сонымен бірге ҚР Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов ҚР білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Сингапур Ұлттық университеті мен Наньян технологиялық университетінің басшылығымен «Болашақ» бағдарламасы аясында жоғары және Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алу саласындағы ынтымақтастық перспективалары туралы талқылады.
Сингапурдың биотехнологиялар саласындағы жетіктіктерімен танысу үшін еліміздің өкілдері «Биополис» деп аталатын биологиялық ғылыми-зерттеу орталығын аралап көрді.