ҚР Бокс федерациясының президенті өңірлік филиалдардың жұмысын сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Бокс  федерациясының президенті өңірлік филиалдардың жұмысын сынға алды

ҚР Бокс федерациясының президенті өңірлік филиалдардың жұмысын сынға алды

ҚР Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев ұйымның өңірлік филиалдарының жұмысын сынға алды.

  • 19 Қаңтар 2011
  • 521
Фото - Caravan.kz

«Республикалық деңгейде жұмыс жаман атқарылған жоқ, оны халықаралық жарыстар нәтижесі көрсетіп отыр. Дегенмен біздің федерацияның ішкі Кубок жарыстары жекелеген облыстық филиалдардың жұмыстарынан бірқатар кемшіліктерді анықтады», — деді ол бүгін Қазақстан Бокс федерациясы» қауымдастық үлгісіндегі заңды тұлғалар ұйымы Атқарушы комитетінің отырысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта федерация тарапынан берілген материалдық- техникалық базаны нығайту жөніндегі тапсырмалар бірқатар өңірлерде орындалмаған. Бұндай жағдай Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласына тән болып отыр.

Алматы мен Тараз қалаларында, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында мамандандырылған бокс залдары құрылмаған. Сонымен қатар жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру мәселесі де көзделмеген.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера