Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды. Құрылыстың жалпы құны 73 млн 50 мың теңгені құрады. Бұл ауылда тұратын халықтың саны — 9116.
Осы аудандағы Атамекен кентінде сол күні дәрігерлік амбулатория ашылды. Оның құрылысына жұмсалған қаржы мөлшері 73 млн 550 теңгені құрады. Кентте 17 950 тұрғын тіркелген.
А. Дерновой Маңғыстау ауданының Бек ауылында құрылысына 27 млн 240 мың қаржы жұмсалған медициналық бөлімшенің ашылу салтанатына да қатысты. Бұл ауылда 389 адам тұрып жатыр.
Денсаулық сақтау министрі сондай-ақ Маңғыстау ауданында 238 адам тұрып жатқан Тұщыбек ауылында медициналық бөлімшесінің ашылу рәсіміне қатысты.
Бұл нысанды салу үшін 24 млн 444 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді.
Облыс әкімі нысандардың ашылу рәсімінде атап өткеніндей, денсаулық сақтау нысандары ҚР үкіметінің 2005 жылдың 28 желтоқсанында қабылданған қаулысына сәйкес енгізілді. Онда ауылдық желілердің денсаулық сақтау нормативтері бекітілген. Қ. Көшербаев айтқанындай, бұл жерде елдімекендерде міндетті түрде медициналық бөлңмше , дәрігерлік амбулатория немесе медициналық санитарлық көмек көрсететін орталық болу керектігі жөнінде мәселе көтеріліп отыр.
«Маңғыстау облысында жаңадан енгізілген денсаулық сақтау нысандары мемлекеттік нормативтерді орындауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысында бүгінгі күні белгіленген нормативтерге сәйкес медициналық ұйымдары жоқ елдімекендердің қалмағаны қуантарлық жәйт», -деп атап өтті Қ. Көшербаев.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен бірге Маңғыстау облысында биылғы жылы басталған «100 мектеп және 100 аурухана» жобасы жұмыстарының жүруімен танысты.
Облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Арман Айдарханов атап өткеніндей, аталған жобаға кірген Маңғыстау облысындағы алты нысанның екеуінің (Қарақия ауданының Жетібай кентінде бір ауысымда 150 адамды қабылдай алатын аудандық емхана және Түрқараған ауданда 30 орынға арналған түберкулезге қарсы ауруханасы) құрылысы аяқталып қалды .
Қалған төрт нысанның құрылыстары (300 орынды көп салалы аурухана, Ақтау қаласындағы облыстық қан орталығы, Маңғыстау ауданындағы Шетпе аулындағы 150 орынды аудандық орталық ауруханасы, Қарақия ауданының Құрық ауылындағы аудандық орталық емханасы) таяуда басталады.
А. Айдарханов айтқанындай ҚР президенті парламенттің 3 сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіне сәйкес, ауылдық жерлерде қосымша 300 дәрігерлік амбулатория құрылыстарын жүргізу қажет. Облыс әкімі ауылды елдімекендерінде төрт дәрігерлік амбулатория, тоғыз медициналық бөлімше құрылысын салу үшін бюджеттен 469 млн теңге бөлу жөнінде шешім шығарды. 2007 жылы бұл нысандардың қүрылысы басталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті