ҚР денсаулық сақтау министрі жұмыс бабындағы сапармен Маңғыстау облысында жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР денсаулық сақтау министрі жұмыс бабындағы сапармен Маңғыстау облысында жүр

ҚР денсаулық сақтау министрі жұмыс бабындағы сапармен Маңғыстау облысында жүр

18-ақпан күні түстен кейін ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев жұмыс бабындағы сапармен Маңғыстау облысына келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Ақпан 2004
  • 391
Фото - Caravan.kz

Министр облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2003-жыл қорытындысына арналған кеңесіне қатысады. Кеңес бүгін, 19-ақпанда өтеді.

Облыс әкімі Болат Палымбетовпен және облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сағыныш Торалиевпен бірге министр облыс орталығындағы бірқатар дәрігерлік нысандарда болды. Атап айтсақ, ол Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлімшелерін аралап, ондағы жаңа жабдықтармен танысты. Сондай-ақ, Ж.Досқалиев облыстық онкологиялық диспансердің, «Мейірбике» медициналық коллежінің, 2003-жылғы желтоқсанда ашылған перинаталды орталықтың жұмысымен танысты.

Соңғы жаңалықтар