ҚР денсаулық сақтау министрлігі әйелдерге қызамыққа қарсы ақысыз вакцина егу науқанын бастамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР денсаулық сақтау министрлігі әйелдерге қызамыққа  қарсы ақысыз вакцина егу науқанын бастамақшы

ҚР денсаулық сақтау министрлігі әйелдерге қызамыққа қарсы ақысыз вакцина егу науқанын бастамақшы

ҚР денсаулық сақтау министрлігі 2005-жылдың қыркүйек-қазан айларында 26-35 жас аралығындағы 1 млн. әйелге қызамыққа қарсы ақысыз вакцина егуді қолға алмақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 17 Тамыз 2005
  • 903
Фото - Caravan.kz

Министрліктің ақпаратына сәйкес, бұл мақсаттағы вакцина Үндістанда өндіріліп, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған. Ол 2001-2002-жылдарда Қырғызстан мен Молдовада қолданылды.

Министрліктің мәліметіне жүгінсек, елімізде жыл сайын ресми түрде 10-30 мыңдай қызамыққа шалдығу оқиғасы тіркелуде. 2005-жылы елімізде 15-25 жас аралығындағы 1,5 млн. адамға қызамық пен қызылшаға қарсы вакцина егілді.
1998-жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы қызамықты «21-ғасырда баршаның денсаулығын қамтамасыз етейік» атты бағдарламасына қамтыды. Бұл бағдарлама аясында 2010-жылы дүниежүзінде қызылшаны түбірімен жою, қызамықты азайту және туа біткен қызамықты болдырмау мақсаты қойылып отыр. Бүкіәлемдік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша бұрынғы кеңестік республикаларда жалпы Еуропада тіркелетін қызамық ауруының 83 проценті тіркеледі.
Бұл дерт әсіресе екіқабат әйелдер үшін қатерлі. Жыл сайын жүкті әйелдердің қызамықпен ауыруына байланысты дүниежүзінде 300 мың бала туа біткен кемшіліктермен дүниеге келеді. Бала жатырда біте пайда болатын кемшіліктер, диабет, қалқанша бездің ауруы мен көз және жүрек ақауының пайда болуына осы қызамық себепкер. Сонымен бірге тумысынан қызамыққа шалдыққан балалар 1,5 -2 жыл бойы ауру вирусын бөліп, айналасындағыларға ауру таратады.

Перейти к новостям спорта