ҚР Денсаулық сақтау министрлігі пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялауды енгізуді іске асыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялауды енгізуді іске асыруда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялауды енгізуді іске асыруда

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялауды енгізуді іске асыруда,

  • 22 Маусым 2011
  • 491
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

2010 жылы пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында басталды. Өткен кезеңде пневмококк инфекциясына қарсы 55580 егу жүргізілді, ерекше реакциялар мен асқыну жағдайлары тіркелген жоқ.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында басталады, 2015 жылға қарай осы ауруға қарсы вакцинациялаумен республиканың барлық өңірлері қамтылатын болады.

Вакцинациялау АҚШ-та өндірілген, пневмококктың 13 серотипі бар және ДДҰ-мен сертификатталған пневмококк вакцинасымен жүргізіледі.

Осыған байланысты 2011 жылғы 14 және 15 маусымда Шымкент және Тараз қалаларында Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялауды енгізу мәселелері бойынша көшпелі семинарлар өткізілді.

Семинар жұмысында екі облыстың аудандары мен қалаларының педиатрлары, инфекционистері, иммунологтары және эпидемиологтары қатысты.

Әлемнің дамыған елдерінде балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялауды енгізу, пневмококк инфекциясының вакциналық профилактикасын эпидемиологиялық негіздеу мәселелері талқыланды, балалардың сырқаттанушылығы құрылымында пневмококк инфекциясының өзектілігі, енгізу кезеңінде иммундау тактикасы мәселелері баяндалды.

Профессор Р.Х. Бегайдарова (Қарағанды медицина университеті), м.ғ.д. Ж.Б. Досымов (М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина академиясы), профессор Н.Ф. Снегова (Иммунология ҒЗИ, Мәскеу қ.), м.ғ.к. М.А. Сырочкина (Орал медицина академиясы, Екатеринбург қ.) сияқты Қазақстанның және Ресейдің жетекші ғалымдары баяндама жасады.

Соңғы жаңалықтар