ҚР денсаулық сақтау министрлігі сербия вакцинасынан зардап шеккен қарағандылықтарға өтемақы төлеуді тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР денсаулық сақтау министрлігі сербия вакцинасынан зардап шеккен қарағандылықтарға өтемақы төлеуді тоқтатты

ҚР денсаулық сақтау министрлігі сербия вакцинасынан зардап шеккен қарағандылықтарға өтемақы төлеуді тоқтатты

ҚР денсаулық сақтау министрлігі сербияның БЦЖ вакцинасынан зардап шеккен қарағандылықтарға өтемақы төлеуді тоқтатты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне зардап шеккен жақтың қорғаушысы Евгений Танков хабарлады.

  • 18 Шiлде 2005
  • 523
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Қарағанды қалалық сотының моральдық шығынды өтеп беруге шығарған шешімін жүзеге асыру Жоғарғы соттың шешімімен тоқтатылған. «Өткен жұмада мен ҚР Жоғарғы сотының шығынды өтеп беру туралы шешімді жүзеге асыруды доғару туралы қаулысымен таныстым»,- деді Е.Танков.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қарағандыда былтырғы жылдың қыркүйек-қараша айларында вакцинадан зардап шеккен балалардың ата-аналарынан келіп түскен 30-дай өтініш сотта қаралған. Соттың шешіміне сәйкес, барлық шағым иелеріне ҚР денсаулық сақтау министрлігі моральдық шығынның өтеміне 50 мың теңге төлеуге тиіс. Соттың шешімі күшіне енген.
Алайда,ҚР денсаулық сақтау министрлігі Жоғарғы сотқа шағым түсіріп, шешімдердің заңдылығы мен негізділігіне күмән келтірді. Министрлік сонымен бірге ҚР Жоғарғы сотынан өтемақы төлеуді тоқтатуды сұраған. «Бұл шешімді жүзеге асыру қайтарымсыз кері нұқсанға алып келуі ықтимал» деп санайды.
«Менің пайымдауымша, сот шешімін орындау — министрлікке еш залал-зардап әкелмейді. Бұл жерде болашақ шағым иелерін ескерту мақсатымен сот шешіміне кедергі келтіру оқиғасы орын алып отыр»,- дейді адвокат.
Е.Танковтың хабарлауынша, қазіргі таңда Қарағанды соттарында сербиялық вакцинадан зардап шеккен балалардың ата-аналарынан келіп түскен тағы да 30-дай шағымдар жатыр.

Перейти к новостям спорта