Жарияланды: 370

ҚР ЭДСМ 2011-2013 жылдарға арналған стратегиялық бағыттарға, мақсаттарға, міндеттерге қол жеткізу үшін 23 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырады

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі 2011-2013 жылдарға арналған стратегиялық бағыттарға, мақсаттарға, міндеттерге қол жеткізу үшін 23 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырады.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық және өңірлік саясат комитетінде өткен ҚР Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылау бойынша ҚР мемлекеттік органдарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен кездесуде Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті. 2011-2013 жылдары аралығында министрлік нәтижелі мемлекеттік секторлармен экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ету бойынша стратегиялық жоспарды жүзеге асыру бағытында жұмыстарды жалғастыратындығын атап өткен ол: «Құрылған стратегиялық бағыттарға, мақсаттарға және міндеттерге қол жеткізу үшін 2011-2013 жылдары аралығында министрлік 23 бюджеттік бағдарламаны, оның ішінде 21 ағымдық, 2 даму бағдарламасын жүзеге асырады», - деді. Бұл орайда вице-министрдің атап өтуінше, еліміздің «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес бюджет қаржысында көзделген сома нақтылана отырып, 2011 жылы 49 765,1 млн., 2012 жылы 78 641,2 млн., 2013 жылы 75 542,5 млн., теңгені құрайды. Оның ішінде шығыстардың негізгі үлесі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалмақ. Атап айтқанда 2011 жылы 4 бюджеттік бағдарламаға 41 217,9 млн., 2012 жылы 70332 млн., 2013 жылы 70332 млн теңге жұмсау көзделіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін