ҚР Экологиялық кодексінің жобасы үкіметке 2006-жылы енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Экологиялық кодексінің жобасы үкіметке 2006-жылы енгізіледі

ҚР Экологиялық кодексінің жобасы үкіметке 2006-жылы енгізіледі

ҚР Экологиялық кодексінің жобасы үкіметке 2006-жылы енгізіледі. Бұл туралы бүгін, 26-сәуірде үкімет отырысында сөз сөйлеген ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Сәуiр 2005
  • 866
Фото - Caravan.kz

«Кодекс жобасын біз қазір жасап жатырмыз. Жоба үкіметтің қарауына 2006-жылы енгізіледі»,- деді министр.

Экологиялық кодекстің жобасын жасау қажеттігі туралы түсініктеме берген А.Самақова қазір елімізде табиғат қорғау саласындағы іс-қызметтерді реттейтін 30-ға жуық заң, 200-ден астам заңға тәуелді актілер мен бекітілген 19 халықаралық конвенция жұмыс істейтінін атап өтті. «Нормативтік-құқықтық актілердің осыншама көптігі заңнаманы жаңалау процедурасын күрделілендіре түседі»,- деді ол.
Сонымен бірге министрдің пайымдауынша, «Экологиялық кодекс елімізге экологиялық таза технологияларды әкелуге жағдай жасауы тиіс. Ал қазіргі заңнама бұл тауқыметті шеше алмай отыр». Сонымен бірге Экологиялық кодексте «қоршаған ортаны ластауға қатысты рұқсаттар беру барысындағы бюрократиялық процедуралар» азайтылуы тиіс.
Талқылау қорытындысын түйіндеген Даниал Ахметов Экологиялық кодекс қоршаған ортаны қорғау министрлігін «еліміздегі жетекші министрліктердің біріне» айналдыруы тиіс деп мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, «Экологиялық кодекс осы салада жұмыс істейтін дүниежүзілік стандарттарға сәйкес болуы қажет».

Перейти к новостям спорта