ҚР экономика министрлігі депутаттар мен кәсіпкерлердің салық каникулын енгізу туралы бастамасын қолдамады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР экономика министрлігі депутаттар мен кәсіпкерлердің салық каникулын енгізу туралы бастамасын қолдамады

ҚР экономика министрлігі депутаттар мен кәсіпкерлердің салық каникулын енгізу туралы бастамасын қолдамады

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі өнім өндірумен шұғылданатын шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері үшін салық каникулын енгізу туралы депутаттар мен кәсіпкерлердің бастамасын қолдамады. Бұл туралы бүгін, 17-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық "Атамекен" одағының үйлестіру кеңесінің мүшесі Абылай Мырзахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Тамыз 2005
  • 531
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжіліс депутаттарынан жасақталған бастамашы топ «Атамекен» одағының жетекшілерімен бірлесе отырып мемлекет басшысына өнім өндірумен шұғылданатын шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері үшін салық каникулын енгізу туралы өтініш жолдаған.

«Оларды корпоративтік және әлеуметтік салықтан босату туралы ұсыныс жасалған. Осындай жеңілдік жасаудан мемлекеттік бюджетке небәрі 10 млрд. теңгенің шығыны келер еді. Бұл — барлық бюджет кірісінің 1 процентіне де жетпейді»,- деді баспасөз мәслихатына қатысушылар.
ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша өтінішті саралау нәтижесінде салық жеңілдігін енгізуге қарсылық білдіріп отыр. Министрлік оны былай деп түсіндіреді: «салық каникулы рынок қатысушыларының бір бөлігі үшін жеңілдік туғызса, екінші бір бөлігінің мүддесіне қайшы келеді. Сонымен бірге ол бизнестің басқа түрлері үшін салықтан жалтарып кету мүмкіндігін тудыруы мүмкін».

Перейти к новостям спорта