«Испат-Кармет» ААҚ металлургиялық өндірістің шикізат өндіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық циклін жүзеге асыратын ірі тау-кен -металлургиялық кәсіпорын болып табылады,- делінген хабарламада.
Кәсіпорында 53 мыңдай адам жұмыс істейді, орташа жалақы 30 мың теңге.
Кәсіпорынды «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістері бірлестігі » АҚ, «Лисаков кен байыту комбинаты» АҚ, «Өркен» ААҚ, «Атасуруда» ААҚ, Қарағанды көмір бассейні кәсіпорындары шикізатпен қамтамасыз етеді. Биыл кәсіпорында барлық өнім түрлері бойынша өнім мөлшері артады деп күтілуде.
Шойын өндіру мөлшері 8,9 процентке, болат өндіру мөлшері 9,8 процентке, құбырлар өндіру мөлшері 36 процентке артады.
Металлургиялық комбинатты дамыту жөніндегі орта мерзімді бағдарламаны «Испат-Кармет» ААҚ-ның бас директоры Навал Кишоре Чоудхари таныстырды. Бағдарламаны талқылауға ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов, ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Әсет Исекешев, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ислам Тоғайбаев пен орталық атқарушы мекемелердің өкілдері қатысты.